4 сәуір – қазақтың бокс тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туған күні.
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Қазақстанға еңбегі сінген спорт шебері. Ол 1980 жылдың 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Бекзат өзінің бокстағы жолын 15 жасында бастаған. 5 жылдық тәжірибесі ғана бола тұра, боксшы Олимпиада деңгейіндегі жаңа белестерді бағындыра алды.
Жетістіктері мен атақтары:
Бекзат Саттарханов өзінің спорттық мансап жолында өзімен қатарлас спортшылар қанжығасында болмаған жетістіктерге жетті. Ол өзінің қысқа өмірінде барлық жеңістерін өзіне ең жақын адамдары – отбасына арнаған. 1998 жылы өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты мен Азия біріншілігінен алған күміс медалі боксшының бағалы деген алғашқы жеңістерінің бірі болды. Ал 1999 жылы Ташкент қаласында өткен Орталық Азия чемпионатында ол өзінің жеңіс жолын жалғастырды. Бірақ оның өміріндегі барша халықты қуантып тойлатқан жеңісі 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасында орын алды.
Барлық спортшыларға орындардан бөлек атақтар да беріледі. Бекзат Саттарханов – 1999 жылғы Орталық Азия елдерінің чемпионы І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері; 2000 жылғы Гран-при кубогының чемпионы деген атақтарға ие болды.