15 наурыз - “Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі”

15 наурыз - “Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі”

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері ұлттық киімді насихаттау челленджіне қолдау білдірді.
Бүгін таңертең жұмысқа ұлттық киіммен келген басқарманың қызметкерлері осылайша ұлттық киімдерді насихаттап, дәріптеуге үн қосуда.
Айта кетерлігі, бұл игілікті шара облыс әкімі Д.Сатыбалдының Наурыз мерекесін облыста 10 күн атап өту бойынша тапсырмасы аясында жүзеге асуда.
- Ұлттық киімді дәріптеу челленджінің ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, ұлттық болмысымызды айшықтауда маңызы өте зор. Ал, бүгін, 15 наурыз күні «Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі» деп айдар тағылып, барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жұмысқа қазақтың ұлттық киімін киіп келуі расында да көз қуантады. Жылдың басы, жаңару мерекесінде ұлттық киімге осылайша құрмет көрсету, өз кезегінде мемлекеттік қызметкерлер үшін дәстүрге айналуы тиіс, - деп атап өтті облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Б.Ахымбетов.