Жаңалықтар

Жаңалықтар
БИЫЛ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 34,3 ШАҚЫРЫМҒА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ
 
Таяуда, яғни 25-27 қаңтар аралығында қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков әр секторда кездесу өткізіп, жүйелі жоспарларымен бөліскен болатын. Әр сала бойынша жеке тоқталып, атқарылар жұмыстардың барысын да айтып өтті.
Тұрғындардың сауалдарын тыңдап, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Соның бірі жол саласына қатысты - 89 тапсырма беріліп, орындалуы бақылауға кестесіне қойылды. Тұрғындар сауалының басым көпшілігі аялдама тапшылығы мен көше жарықшамдарына қатысты болды.
Биылғы жоспарда облыс орталығында 100 аялдама орнатылып, 138 көшені жарықшамдармен қамтамасыз ету қарастырылған.
Қала әкімі сектор тұрғындарымен кездесуде: "Шаһардағы жол сапасының 32 пайызы ғана қанағаттанарлық деңгейде. Жөнделген жолдар жұмысы аяқталғанда қала тұрғындары, өздеріңізбен бірге бақылап, қадағалап қабылдаудан өткіземіз", - деді.
Өткен жылы осы көрсеткіш бойынша қалада бірқатар жұмыстар атқарылды. 175 шақырымды құрайтын 185 көшеге тас, 17,1 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт төселді. Биыл 47 көшеге тас, 24 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр.
 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі