Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: АРДАГЕРЛЕР «ВАЛЬС КОРОЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ
❇️Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік бағдарлама Түркістан музыкалық драма театрында жалғасты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің аға буын өкілдерімен бірге «Вальс королі» қойылымын тамашалады.
🔰Театрдағы жүздесу барысында ардагерлерге мәдени тынығуға мүмкіндік жасалып, мерекелік көңіл күй сыйланды. Өнер ордасында бас қосқан аға буын өкілдері қойылымды тамашалап, театр ұжымының шығармашылығына ризашылығын білдірді.
🔰Қойылымнан кейін облыс әкімі мен ардагерлер келесі іс-шара өтетін орынға қоғамдық автобуспен бірге барды. Жол бойында Нұралхан Көшеров аға буын өкілдерімен еркін әңгімелесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
⚜️Қариялар Түркістанның бүгінгі тынысы, қаланың дамуы және ел өміріндегі өзекті мәселелер жөнінде ой бөлісті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_______
ТУРКЕСТАН: ВЕТЕРАНЫ ПОСМОТРЕЛИ СПЕКТАКЛЬ «КОРОЛЬ ВАЛЬСА»
❇️Праздничная программа, посвященная Международному дню пожилых людей, продолжилась в Туркестанском музыкально-драматическом театре. Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров вместе с представителями старшего поколения региона посмотрел спектакль «Король вальса».
🔰В ходе встречи в театре ветеранам была предоставлена возможность культурного отдыха и создано праздничное настроение. Представители старшего поколения посмотрели спектакль и выразили благодарность творческому коллективу театра.
🔰После спектакля аким области и ветераны вместе отправились на общественном автобусе к месту проведения следующего мероприятия. По дороге Нуралхан Кушеров побеседовал с представителями старшего поколения, выслушал их предложения и мнения.
⚜️Аксакалы поделились мыслями о сегодняшнем дыхании Туркестана, развитии города и актуальных вопросах жизни страны.
Пресс-служба акима Туркестанской области