Жаңалық

Жаңалық
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БАЛАЛАР ТЕАТРЫ АШЫЛДЫ
Мақтаарал аудандық Мәдениет үйінің жанынан балаларға арналған «Мақтаарал» театры ашылды. Жаңа өнер ұжымы алғашқы қойылымын көрермен назарына ұсынып, сахна шымылдығын «Ғажайып орман» ертегісімен түрді.
Театрдың алғашқы қойылымын Мырзакент кентіндегі Оңалту орталығының оқушылары мен «Солнышко» балабақшасының тәрбиеленушілері тамашалады. Ертегі желісіндегі қойылым балалардың көңілінен шығып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жаңа театрдың негізгі мақсаты – балалардың өнерге қызығушылығын арттырып, эстетикалық талғамын қалыптастыру және ұлттық әрі жалпыадамзаттық құндылықтарды сахна арқылы насихаттау. Сонымен қатар, театр жас әртістердің шығармашылық қабілетін шыңдап, жергілікті авторлардың шығармаларын сахналауға мүмкіндік беретін шығармашылық алаң болмақ.
Алдағы уақытта театр репертуарын қазақ және әлем ертегілерімен, ұлттық классика және заманауи шығармалармен толықтыра отырып, жас көрерменнің қиялын дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін тағылымды қойылымдар ұсынуды көздейді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————-
В МАКТААРАЛЬСКОМ РАЙОНЕ ОТКРЫЛСЯ ДЕТСКИЙ ТЕАТР
При районном Доме культуры Мактааральского района открылся детский театр «Мақтаарал». Новый творческий коллектив представил зрителям свой первый спектакль — сказку «Волшебный лес».
Премьеру в посёлке Мырзакент посмотрели учащиеся Реабилитационного центра и воспитанники детского сада «Солнышко». Постановка по мотивам сказки пришлась детям по душе и подарила им хорошее настроение.
Основная цель нового театра — развивать интерес детей к искусству, формировать эстетический вкус и через сцену знакомить их с национальными и общечеловеческими ценностями. Кроме того, театр станет творческой площадкой, где юные артисты смогут совершенствовать свои способности, а местные авторы — ставить свои произведения на сцене.
В дальнейшем репертуар театра планируют пополнять казахскими и мировыми сказками, произведениями национальной классики и современной драматургии. Задача коллектива — предлагать юным зрителям содержательные постановки, которые будут развивать воображение и расширять кругозор.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области