Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА 160 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Түркістан облысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2025-2029 жылдары 164 млрд теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарланған. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрбол Көкенов мәлімдеді.
"Өңірге тартылатын инвестициялық қаражаттың 100,81 млрд теңгесі электр қуатымен жабдықтауға, 34,53 млрд теңгесі ауыз сумен жабдықтауға, 20,09 млрд теңгесі жылумен жабдықтауға, 8,42 млрд теңгесі кәріз жүйелерін жаңғыртуға бағытталады. Бүгінде ұлттық жоба аясындағы ауыз сумен жабдықтау бойынша Шардара ауданындағы Егізқұм, Төлеби ауданындағы Жоғары Қасқасу, Жетісай ауданындағы Достық елді мекендерінің су құбыры желілерін жаңғырту жобалары іске асырылуда. Сонымен қатар, бірқатар елді мекендерде су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары жүргізіледі. Түркістан қаласының Шауғар ықшам ауданындағы Ортақ тұрғын алабының кәріз желілерін салу жобасының құны 1,74 млрд теңгені құрайды"-деді спикер.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ НА МОДЕРНИЗАЦИЮ КОММУНАЛЬНОЙ ИНФРАСТРУКТУРЫ ПРИВЛЕКУТ БОЛЕЕ 160 МЛРД ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЙ
В Туркестанской области в рамках национального проекта по модернизации энергетического и коммунального секторов в 2025–2029 годах планируется привлечь около 164 млрд тенге инвестиций. Об этом на прошедшем брифинге сообщил заместитель руководителя департамента Комитета по регулированию естественных монополий по Туркестанской области Нурбол Кокенов.
«Из общего объёма инвестиций 100,81 млрд тенге будет направлено на электроснабжение, 34,53 млрд тенге — на водоснабжение, 20,09 млрд тенге — на теплоснабжение и 8,42 млрд тенге — на модернизацию канализационных систем.
В настоящее время в рамках национального проекта реализуются проекты по модернизации водопроводных сетей в населённых пунктах Егизкум Шардаринского района, Жогары Каскасу Толебийского района и Достык Жетысайского района. Кроме того, в ряде населённых пунктов планируется установить приборы учёта воды.
Стоимость проекта по строительству канализационных сетей жилого массива Ортақ в микрорайоне Шауғар города Туркестана составляет 1,74 млрд тенге», — сказал спикер.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области