ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 174,5 ГЕКТАРДАН 478 ТОННА «АҚ АЛТЫН» ЖИНАЛДЫ
Мақтаарал ауданында мақта терімі басталып, шаруалар алқаптағы еңбектің нәтижесін жинауға кірісті. Биыл аудан бойынша 35,5 мың гектардан астам жерге мақта егілген. Қазірдің өзінде алғашқы өнімдер қабылданып, жиын-терім жұмыстары күн сайын қарқын алып келеді.
Мақтааралдық диқандар үшін жылдың ең жауапты кезеңдерінің бірі басталды. Көктемнен бері күтілген «ақ алтын» алқаптан жиналып, алғашқы өнімдер қабылдау орындарына жеткізілуде.
Мақтаның бітік шығуы үшін жаз бойы қажетті агротехникалық жұмыстар атқарылды. Оның ішінде мақта алқаптарындағы жазғы вегетациялық суару жұмыстары толық аяқталды. Енді шаруалардың басты міндеті – пісіп-жетілген өнімді уақытылы әрі ысырапсыз жинап алу.
Мақта көсектерінің тез ашылуы үшін дефолиация жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Бүгінде бұл жұмыс 29 мың гектардан аса алқапта жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы бір апта ішінде толық аяқталады деп күтілуде.
Ал мақта терімі басталғалы бері 174,5 гектар алқаптан 478 тонна өнім жиналды. Қазіргі таңда мақтаның орташа өнімділігі гектарына 27,4 центнерді құрап отыр.
Мақта терімді ерте бастаған шаруа қожалықтардың бірі – «Бірлік 2» шаруа қожалығы. Атабек Қожабековтың төрағалығындағы мақта алқабынан гектарына 40 центнерден өнім жиналуда.
Қазір аудан шаруаларының қарамағында 237 мақта теретін комбайн бар. Оның ішінде күнделікті жұмысқа 24 комбайн жұмылдырылған. Дефолиация жұмыстары аяқталған сайын терімге тартылатын техника саны да көбейіп, алқаптағы жұмыс қарқыны арта түспек.
Мақта – Мақтааралдың ғана емес, тұтас Түркістан облысының ауыл шаруашылығындағы маңызды дақылдардың бірі. Сондықтан алдағы кезеңде техниканы тиімді пайдалану, өнімді белгіленген мерзімде жинау және ысырапқа жол бермеу басты назарда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_______
ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ СО 174,5 ГЕКТАРА СОБРАНО 478 ТОНН “БЕЛОГО ЗОЛОТА”
В Мактааральском районе началась уборка хлопка. В этом году по району хлопком засеяно более 35,5 тысячи гектаров. Уже сейчас принимается первая продукция, и уборочные работы с каждым днем набирают темп.
Для мактааральских земледельцев начался один из самых ответственных периодов года. «Белое золото», за которым ухаживали с весны, собирается с полей и доставляется в пункты приема первой продукции.
Для получения хорошего урожая хлопка в течение лета были проведены необходимые агротехнические работы. В том числе полностью завершены летние вегетационные поливные работы на хлопковых полях. Теперь главная задача аграриев – своевременно и без потерь собрать созревший урожай.
Также активно ведутся работы по дефолиации для быстрого раскрытия коробочек хлопка. На сегодня эта работа проведена на площади более 29 тысяч гектаров. Ожидается, что эти работы будут полностью завершены в течение ближайшей недели.
А с начала уборки хлопка со 174,5 гектара собрано 478 тонн продукции. В настоящее время средняя урожайность хлопка составляет 27,4 центнера с гектара.
Одним из крестьянских хозяйств, рано начавших уборку хлопка, является крестьянское хозяйство «Бирлик 2». С хлопкового поля под председательством Атабека Кожабекова собирается по 40 центнеров продукции с гектара.
Сейчас в распоряжении аграриев района имеется 237 хлопкоуборочных комбайнов. Из них в ежедневной работе задействовано 24 комбайна. По мере завершения работ по дефолиации количество техники, привлекаемой к уборке, будет увеличиваться, и темпы работ на полях возрастут.
Хлопок – одна из важных культур в сельском хозяйстве не только Мактаарала, но и всей Туркестанской области. Поэтому в предстоящий период в центре внимания будут эффективное использование техники, сбор урожая в установленные сроки и недопущение потерь.
Пресс-служба акима Туркестанской области