
Ашық форматта өткен қоғамдық қабылдауда тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, жер қатынастары және инженерлік инфрақұрылым мәселелерін көтерді. Әрбір өтініш жеке қаралып, заң талаптарына сәйкес шешу жолдары талқыланды. Бірқатар мәселе қабылдау барысында оң шешімін тапса, күрделі мәселелер жауапты мемлекеттік органдардың бақылауына алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жер мәселесіне қатысты көтерілген сауалдарға облыс әкімі заң талаптарының қатаң сақталатынын атап өтті. Оның айтуынша, инженерлік инфрақұрылымы жоқ жер телімдерін беру мүмкін емес. Сондай-ақ жер кезегінде тұрған азаматтардың құқықтары сақталатынын, кезектен тыс немесе заңға қайшы шешімдер қабылданбайтынын жеткізді.

Облыс әкімі көтерілген барлық мәселе заң аясында қаралатынын айтып, жауапты сала басшыларына тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесудің басты мақсаты – халықтың талап-тілегін тыңдап қана қоймай, олардың өзекті мәселелерін шешудің нақты тетіктерін іске асыру болды. Облыс басшысы әрбір тұрғынның мәселесіне мұқият назар аударып, жауапты орынбасарлар мен басқарма басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

– Халықтың сенімі – мемлекеттік қызметтің ең үлкен бағасы. Сондықтан әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысы ерекше назарға лайық. Жеке қабылдау – тұрғындардың өзекті мәселелерін тікелей тыңдап, оларды шешу жолдарын бірге қарастыратын маңызды алаң. Ашық диалог өзара түсіністік пен сенімді нығайтады. Халықтың әрбір мәселесін тұрақты назарда ұстау – біздің басты міндетіміз. Әрбір өтініш пен ұсыныс жан-жақты зерделеніп, заң аясында нақты шешімін табуы тиіс. Азаматтардың мұң-мұқтажына дер кезінде ден қою – мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаты. Халықтың сенімін ақтау үшін нақты нәтиже мен тиімді жұмыс қажет. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бастамалар бақылауда болады және кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Елге адал қызмет ету – үлкен жауапкершілік әрі абырой. Тұрғындар тарапынан өңірдің дамуына серпін беретін бірқатар маңызды ұсыныстар айтылды. Мұндай ашық пікір алмасу халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, ортақ мақсатқа жетудің тиімді тетігіне айналып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруды мемлекеттік саясаттың басты бағыты ретінде айқындап келеді. Осындай кездесулерде біз атқарылған жұмыстардың нәтижесін ғана емес, тұрғындардың жаңа ұсыныстары мен өзекті мәселелерін де тыңдап, оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастырамыз. Өйткені халықтың сенімі мен аманаты – біздің басты жауапкершілігіміз, ал әрбір азаматтың пікірі өңірдің дамуы үшін маңызды, – деді Қабылдау соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
Таңертең басталған қоғамдық қабылдау жалғасып жатыр.