КЕНТАУДА БИЫЛ 30-ДАН АСТАМ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала аумағындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Қала әкімі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын көрді. Бүгінде бірқатар тұрғын үй аулаларында балалар ойын алаңшаларының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы абаттандыру жобасы аясында қала бойынша 33 аулаға заманауи балалар ойын алаңшаларын орнату, аула аумақтарын ретке келтіру және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру көзделген. Жұмыс барысында анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге оларды қысқа мерзімде жою жөнінде нақты міндеттер жүктелді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В КЕНТАУ В ЭТОМ ГОДУ БУДУТ ВВЕДЕНЫ В ЭКСПЛУАТАЦИЮ БОЛЕЕ 30 ДЕТСКИХ ИГРОВЫХ ПЛОЩАДОК
Аким города Кентау Жандос Тасов объехал ряд объектов, где в настоящее время ведутся строительные работы на территории города, и ознакомился с ходом их выполнения.
Глава города осмотрел работы по благоустройству, проводимые во дворах многоквартирных жилых домов. Сегодня в ряде дворов активно ведется строительство детских игровых площадок. В рамках общего проекта по благоустройству в городе планируется установить современные детские игровые площадки в 33 дворах, привести в порядок дворовые территории и создать для жителей комфортную и безопасную среду. По ряду недостатков, выявленных в ходе работ, подрядным организациям поручено в кратчайшие сроки устранить их.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области