ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
Түркістан облысында тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесі түйіткілді болып тұр. Соңғы үш жылдағы көрсеткіштер оқиғалар санының азаймай отырғанын көрсетеді. Атап айтқанда, 2024 жылы 110 оқиға тіркеліп, 245 адам зардап шексе, оның ішінде 20 адам қайтыс болған. 2025 жылы 112 оқиға тіркеліп, 284 адам зардап шексе, 17 адам көз жұмған. Бұл жайында «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Асқар Шипеков брифифнгте мәлімдеді.
«Газ тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылыту маусымы кезеңінде 16 860 тұрғын үй тексеріліп, 98 қауіпсіздік талаптарын бұзу дерегі анықталды. Заңсыз орнатылған газ пештерін пайдаланғаны үшін 15 тұтынушы газ жүйесінен ажыратылды. Сонымен қатар, тұрғындарға 15 183 дана ескерту және түсіндіру парақшалары таратылды»- деді спикер.
Сонымен қатар, Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мейрамхан Кемелхановтың айтуынша, облыс аумағында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үйлерде 96 өрт оқиғасы орын алып, олардан келген материалдық шығын 139 млн 440 мың теңгені құраған. Өрт салдарынан 8 адам жарақат алып, 18 адам қаза тапқан. 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымымен салыстырғанда тұрғын үйдегі өрт саны 51%-ға, материалдық шығын 44%-ға азайған.
«2024-2025 жылдардағы жылыту маусымымен салыстырғанда биыл улы газдан улану жағдайы көбейген. Негізгі себептер - мұржаның тозуы, уақытылы тазартылмауы немесе оның мүлдем болмауы. Түтін шығатын мұржаға уақытылы тексеріс жүргізілмейді және тазартылмайды. Сонымен қатар, қауіпсіздік және құрылыс нормалары талаптарын бұзып, газ-су жылытқыштарын жуынатын бөлмеге орнатылуы жиі кездеседі. Сондай-ақ, тұтынушылардың газ пайдалану құрылғыларын өз бетінше орнатуы жиі кездеседі. Кейбір тұрғындар қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдаланады. Тіпті тұтынушының жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орнатылған газдан автоматты ажырату құрылғыларын желіден ажыратып қойған деректер де анықталды. Осының салдарынан қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда. Өңірде әлеуметтік осал топтарға жататын халықтың есепке алынған тұрғын үйлерінің саны – 34 197. Жылыту маусымында әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғын үйлер толығымен араланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде жалпы 8 449 дана құрылғы орнатылған» - деді Мейрамхан Жұбайханұлы.
Брифингке қатысқан Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбековтің айтуынша, бүгінгі таңда Түркістан облысында 801 елді мекеннің 606-сы табиғи газбен қамтылған. Жыл қорытындысымен бұл көрсеткішті 640-қа жеткізу көзделіп отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТУРКЕСТАН: СПЕЦИАЛИСТЫ ПРИЗЫВАЮТ СТРОГО СОБЛЮДАТЬ ТРЕБОВАНИЯ БЕЗОПАСНОСТИ ПРИ ИСПОЛЬЗОВАНИИ БЫТОВОГО ГАЗА
В Туркестанской области вопрос соблюдения требований безопасности при использовании бытового газа остается актуальным. Статистика за последние три года показывает, что количество происшествий не снижается. Так, в 2024 году было зарегистрировано 110 происшествий, в результате которых пострадали 245 человек, из них 20 погибли. В 2025 году зафиксировано 112 происшествий, пострадали 284 человека, 17 человек умерли. Об этом на брифинге сообщил директор Туркестанского производственного филиала АО «QAZAQGAZ AIMAQ» Аскар Шипеков.
«В целях обеспечения безопасного потребления газа в течение прошедшего отопительного сезона было проверено 16 860 жилых домов, выявлено 98 нарушений требований безопасности. За использование незаконно установленных газовых печей 15 потребителей были отключены от системы газоснабжения. Кроме того, среди населения было распространено 15 183 предупреждающих и разъяснительных памятки», — отметил спикер.
В свою очередь, начальник Управления государственного пожарного контроля Департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области Мейрамхан Кемелханов сообщил, что в период отопительного сезона 2025–2026 годов на территории области произошло 96 пожаров в жилых домах, материальный ущерб от которых составил 139 млн 440 тыс. тенге. В результате пожаров пострадали 8 человек, погибли 18 человек. По сравнению с отопительным сезоном 2024–2025 годов количество пожаров в жилом секторе снизилось на 51%, а материальный ущерб — на 44%.
«По сравнению с отопительным сезоном 2024–2025 годов в текущем году увеличилось число случаев отравления угарным газом. Основными причинами являются износ дымоходов, их несвоевременная очистка либо полное отсутствие. Проверка и очистка дымоходов проводится не вовремя. Кроме того, нередко встречаются случаи установки газовых водонагревателей в ванных комнатах с нарушением требований безопасности и строительных норм. Также потребители часто самостоятельно устанавливают газовое оборудование. Некоторые жители используют самодельные газовые устройства. Были выявлены даже факты отключения автоматических устройств безопасности, установленных для защиты жизни и здоровья потребителей. Всё это приводит к трагическим последствиям. В регионе насчитывается 34 197 жилых домов, принадлежащих социально уязвимым категориям населения. В отопительный сезон все такие дома были охвачены профилактическими обходами и разъяснительной работой. В период отопительного сезона 2025–2026 годов было установлено в общей сложности 8 449 устройств», — сообщил Мейрамхан Жубайханулы.
По словам заместителя руководителя Управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Туркестанской области Жанадила Айтбекова, на сегодняшний день из 801 населённого пункта области 606 обеспечены природным газом. По итогам года этот показатель планируется довести до 640 населённых пунктов.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области