Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
🔖 Түркістан облысында барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Биыл мақсатына сай пайдаланылмаған 40 мың гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып, бүгінгі таңда 47,6 мың гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.
💬 Облыс әкімі жауапты тұлғаларға бекітілген жоспарды мерзімінде орындауды тапсырды.
– Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланушыларға берілген хабарламалардың орындалуына тоқсан сайын мониторинг жүргізуді және жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуы бойынша тұрғындар арасында тұрақты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырамын. Мал басы тіркелмеген жайылымдық жер мен пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандыру керек, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
📑 Жиында Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің қоғамдық жайылым жерлерді қайтару, агроөнеркәсіп кешені бойынша өзекті мәселелерді зерделеу жұмыстары жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, 2026 жылға министрлік тарапынан мақсатына сай пайдаланылмаған жерлерді қайтару, жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланушыларға хабарлама беру, мемлекет меншігіне қайтарылған жайылымдарды қоғамдық жайылымға бекіту жоспарлары әзірленген. Облыс бойынша 87 мыңнан астам жеке және заңды тұлғаларда 4527,3 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері тіркелген. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін мақсатына сай пайдалануы бойынша хабарлама берілген.
🐏 Жыл басында елді мекендерде 531,1 мың гектар қоғамдық жайылым тапшылығы анықталған. Биыл елді мекендерді қоғамдық жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет меншігіне қайтарылған жайылымдардың 161,9 мың гектарын ауылдық округ әкімдіктеріне қоғамдық жайылым үшін бекіту жоспарланып, есепті мерзімге 165,6 мың гектар жайылым жерлер қоғамдық жайылым үшін бекітілді. Бүгінгі таңға қоғамдық жайылым тапшылығы 365,5 мың гектарды құрап отыр.
🎯 Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында берілген тапсырмаларды орындау бағытында өңірде салық төлеуді, инвестициялар тартуды және тиісті ауылдық аумақтарды дамытуды қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өндірушілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер үшін жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселелері жөніндегі арнайы комиссия құрылған. Жұмыс органы тарапынан жалпы 97 жер пайдаланушының 181 жер учаскесіне қатысты құжаттары қаралды.
💰 Былтыр мемлекет тарапынан 541 жеке және заңды тұлғалардан 6831,0 млн теңгеге 1936 субсидия өтінімдері тіркелген. 2025 жылы жалпы субсидия алған 541 жеке және заңды тұлғалар салық төлеуші ретінде тіркеліп, 213 жеке және заңды тұлғалар тарапынан 23,7 млн теңге салық төлемдері жүргізілген.
⛰️ Сондай-ақ жиында агроөнеркәсіп кешеніндегі өзекті мәселелерді зерделеу мақсатында құрылған жұмысшы топтың зерделеу нәтижелері, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестігін нақтылау бойынша атқарылған жұмыстар сараланды.
🖌️ Жайылым жерлердің қайтару барысы облыс басшысының тұрақты бақылауында тұр.
🔗 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
***
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В ГОССОБСТВЕННОСТЬ ВЕРНУЛИ ОКОЛО 50 ТЫСЯЧ ГЕКТАРОВ ЗЕМЛИ
Общий земельный фонд Туркестанской области составляет 11 млн 610,3 тыс. гектаров. В текущем году в регионе планировалось вернуть в госсобственность 40 тыс. гектаров неиспользуемых по назначению земель, однако на сегодняшний день государству уже возвращено 47,6 тыс. гектаров земельных участков. Об этом было доложено на еженедельном аппаратном совещании под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова.
Глава региона поручил ответственным лицам обеспечить своевременное выполнение утвержденного плана.
– Поручаю ежеквартально проводить мониторинг исполнения уведомлений, выданных пользователям земельных участков сельскохозяйственного назначения, и организовать среди населения регулярную разъяснительную работу по целевому использованию земель. Необходимо активизировать работу по возврату в государственную собственность неиспользуемых земельных участков и пастбищ, на которых не зарегистрировано поголовье скота, – подчеркнул Н. Кушеров.
На заседании был заслушан доклад руководителя управления земельных отношений Туркестанской области Ергали Тлегена о возврате общественных пастбищных земель и изучении актуальных вопросов в сфере агропромышленного комплекса. По его словам, на 2026 год профильным министерством разработаны планы по возврату неиспользуемых по назначению земель, направлению уведомлений землепользователям сельскохозяйственного назначения и закреплению возвращенных пастбищ в качестве общественных. В целом по области за более чем 87 тысячами физических и юридических лиц зарегистрировано 4 527,3 тыс. гектаров земель сельхозназначения. Всем им были направлены соответствующие уведомления о необходимости целевого использования участков.
В начале года в населенных пунктах региона дефицит общественных пастбищ составлял 531,1 тыс. гектаров. В текущем году для обеспечения населения пастбищами планировалось закрепить за акиматами сельских округов 161,9 тыс. гектаров из числа возвращенных земель, при этом за отчетный период для общественных нужд было фактически закреплено 165,6 тыс. гектаров. На сегодняшний день нехватка общественных пастбищ в области составляет 365,5 тыс. гектаров.
В целях выполнения поручений Общенационального плана мероприятий по реализации Послания Главы государства, в регионе создана специальная комиссия. Она занимается вопросами обеспечения уплаты налогов, привлечения инвестиций, развития соответствующих сельских территорий, а также продления права землепользования для действующих сельхозпроизводителей и переработчиков сельскохозяйственной продукции. Рабочим органом комиссии уже рассмотрены документы по 181 земельному участку, принадлежащему 97 землепользователям.
В прошлом году государством было зарегистрировано 1 936 заявок на субсидии от 541 физического и юридического лица на общую сумму 6 831,0 млн тенге. В 2025 году все они были зарегистрированы в качестве налогоплательщиков, и со стороны 213 из них были осуществлены налоговые выплаты на сумму 23,7 млн тенге.
Также в ходе совещания были проанализированы результаты деятельности рабочей группы, созданной для изучения актуальных вопросов АПК, и итоги проведенной работы по уточнению соответствия поголовья сельскохозяйственных животных.
Процесс возврата пастбищных земель находится на постоянном контроле главы области.
Пресс-служба акима Туркестанской област