Түркістанда ескек есуден жазғы Қазақстан чемпионаты басталды
Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.
Бұл күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына қорытынды іріктеу жарыс саналады.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худяров қатысып, сөз сөйледі.
Осы жарысқа 11 өңірден 130-ға жуық ескек есу шебері қатысып жатыр. Бүгін жарыстың алғашқы күні 1000 метрге жарыстар өтті.
«Нагоя қаласы қабылдайтын сары құрлық ойындарында байдарка мен каноэде ескек есуден 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Алайда әр команда тек 10 дисциплинада ғана спортшы қоса алады. Сонымен қатар Жапонияда тек 1000 метрге жарыс өтпейді. Тек қысқа қашықтықтарда жүлде сарапқа салынады. Сол себепті чемпионаттың алдағы күндері өте тартысты өтейін деп тұр»,-деп атап өтті Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов.
Түркістандағы жазғы Қазақстан чемпионаты 21 маусымда мәресіне жетеді.
В Туркестане стартовал летний чемпионат Казахстана по гребле
На международном гребном канале в городе Туркестане стартовал чемпионат Казахстана по гребле на байдарках и каноэ среди взрослых.
Соревнование является заключительным отборочным турниром к летним Азиатским играм, которые пройдут осенью в Японии.
В церемонии открытия приняли участие заместитель председателя Комитета по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта РК Аманбай Нурмуханбетов, а также руководитель управления физической культуры и спорта Туркестанской области Галымжан Худяров.
В чемпионате участвуют около 130 сильнейших гребцов из 11 регионов страны. В первый день соревнований прошли гонки на дистанции 1000 метров.
«На Азиатских играх, которые примет город Нагоя, в гребле на байдарках и каноэ будут разыграны 12 комплектов медалей. Однако каждая команда сможет заявить спортсменов только в 10 дисциплинах. Кроме того, в Японии не будет соревнований на дистанции 1000 метров - медали будут разыгрываться только на коротких дистанциях. Поэтому в предстоящие дни чемпионат обещает быть очень напряжённым», - отметил главный тренер национальной команды Кайсар Нурмагамбетов.
Летний чемпионат Казахстана в Туркестане завершится 21 июня.