Жаңалық

Жаңалық
АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Арыс аудандық орталық ауруханасында тұрғындардың сұранысы негізінде 10 төсектік оңалту бөлімшесі іске қосылды. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Соңғы жылдары тұрғындар тарапынан жарақат алған, күрделі отадан өткен және денсаулығын қалпына келтіру емдік шарасын қажет ететін азаматтарға арналған оңалту орталығын ашу жөнінде көптеген ұсыныстар айтылып келген болатын. Халықтың бұл өтініші ескеріліп, аудандық Орталық аурухана базасында заманауи талаптарға сай оңалту бөлімшесі пайдалануға берілді. Жаңа бөлімше орталық жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған науқастарға, сондай-ақ жоспарлы отадан кейін қалпына келтіру емін қажет ететін азаматтарға қызмет көрсетеді. Бөлімшеде емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, массаж мамандары және физиотерапия кабинеттерінің мейірбикелері қызмет атқарады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
В ГОРОДЕ АРЫСЬ ОТКРЫТО НОВОЕ РЕАБИЛИТАЦИОННОЕ ОТДЕЛЕНИЕ
В центральной районной больнице города Арысь по просьбам жителей введено в эксплуатацию реабилитационное отделение на 10 коек. В торжественной церемонии открытия приняли участие руководитель Управления здравоохранения Туркестанской области Аскан Байдуалиев, аким города Арысь Кайсар Манкараев, представители интеллигенции и жители города.
В последние годы от населения поступало множество предложений об открытии реабилитационного центра для граждан, перенёсших травмы, сложные операции и нуждающихся в восстановительном лечении. С учётом этих обращений на базе Центральной районной больницы было открыто современное реабилитационное отделение, соответствующее всем необходимым требованиям.
Новое отделение будет оказывать помощь пациентам с нарушениями функций центральной нервной системы и опорно-двигательного аппарата, а также гражданам, нуждающимся в восстановительном лечении после плановых хирургических операций. В отделении работают инструкторы по лечебной физкультуре, специалисты по массажу и медицинские сёстры физиотерапевтических кабинетов.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области