Жаңалық

Жаңалық
САЙРАМ АУДАНЫНДА 900 ГЕКТАР АУМАҚҚА ПИЯЗ ДАҚЫЛЫ ЕГІЛГЕН
Сайрам ауданында пияз өнімін жинау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Биыл аудан көлемінде 900 гектар алқапқа пияз дақылы егілген. Қазіргі таңда шаруалар өнімді жинау науқанына белсенді кіріскен.
Бүгінгі күнге орташа өнімділік гектарына 28 тоннаны құрап отыр. Осы көрсеткішке сәйкес, жалпы жиналатын өнім көлемі шамамен 25,2 мың тонна болады деп күтілуде. Жиналған өнім аудан тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар, еліміздің өзге өңірлеріне жөнелтіліп, экспортқа шығарылуда. Қазіргі таңда егістік алқаптарында жұмыс қызу жүріп жатыр. Шаруалар пияз жинау науқанын белгіленген мерзімде аяқтап, өнімді тиімді өткізу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Диқандардың тынымсыз еңбегінің арқасында ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштер артып, ауданның аграрлық әлеуеті нығая түсуде. Пияз жинау науқаны толық аяқталғанға дейін тиісті жұмыстар тұрақты бақылауда болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
В САЙРАМСКОМ РАЙОНЕ ЛУКОМ ЗАСЕЯНО 900 ГЕКТАРОВ ПЛОЩАДЕЙ
В Сайрамском районе уборка урожая лука проводится в соответствии с намеченным планом. В текущем году под данную культуру в районе было отведено 900 гектаров посевных площадей. В настоящее время сельхозпроизводители активно ведут уборочную кампанию.
На сегодняшний день средняя урожайность составляет 28 тонн с гектара. Согласно этим показателям, общий объём урожая ожидается на уровне около 25,2 тысячи тонн. Собранная продукция не только обеспечивает потребности жителей района, но и поставляется в другие регионы страны, а также экспортируется за её пределы. Сейчас на полях ведутся интенсивные работы. Аграрии планируют завершить уборку лука в установленные сроки и продолжают работу по эффективной реализации выращенной продукции.
Благодаря неустанному труду земледельцев улучшаются показатели сельскохозяйственной отрасли и укрепляется аграрный потенциал района. До полного завершения уборочной кампании все необходимые мероприятия будут находиться на постоянном контроле.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области