ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңір тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, әлеуметтік қолдау, жер қатынастары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты мәселелерді көтерді.
Түркістан қаласының тұрғыны тұрғын үйін кепілдіктен босату мәселесі бойынша өтініш білдірсе, тағы бір қала тұрғыны әлеуметтік көмек көрсету жөнінде өтініш айтты. Сауран ауданынан келген бір топ азамат су қоймасын салу, суағар құрылысы және ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несие алуға қатысты мәселелерді көтерді. Одан бөлек, жеке қабылдауға келген азаматтар кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер телімдерін алуды қарастыруды сұрады.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыс әкімінің орынбасары жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар беріп, орындалу барысын бақылауына алды. Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты.
Түркістан облысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, оларды заң аясында шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Айта кетейік, облыс әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға
egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ ЛИЧНЫЕ ПРИЕМЫ ГРАЖДАН
В Туркестанской области на системной основе проводится работа по личному приему граждан. Сегодня в Центре приема граждан заместитель акима области Нурбол Турашбеков провел личный прием жителей региона, выслушав их обращения и предложения.
Граждане, пришедшие на прием, подняли вопросы, касающиеся жилищной сферы, социальной поддержки, земельных отношений, предпринимательства и сельского хозяйства.
Житель города Туркестан обратился по вопросу освобождения своего жилья из-под залога, а другой горожанин попросил оказать социальную помощь. Группа граждан из Сауранского района подняла вопросы строительства водохранилища, водоотводного сооружения, а также получения льготного кредита для развития сельского хозяйства. Кроме того, граждане, пришедшие на личный прием, обратились с просьбой рассмотреть возможность предоставления земельных участков для ведения предпринимательской деятельности.
В ходе приема все поднятые вопросы были всесторонне рассмотрены, а заявителям даны разъяснения в соответствии с требованиями законодательства. Заместитель акима области дал соответствующие поручения ответственным управлениям и акиматам районов, взяв исполнение на личный контроль. Ряд вопросов был решен непосредственно в ходе приема.
Работа по рассмотрению обращений и предложений жителей Туркестанской области, а также их решению в рамках действующего законодательства будет продолжена и в дальнейшем.
Стоит отметить, что запись на личный прием к акиму области и его заместителям осуществляется отделом контроля за рассмотрением обращений аппарата акима Туркестанской области. Записаться на прием можно через портал
egov.kz, Единую базу e-Otinish, а также путем подачи письменного обращения в Центре приема граждан.
Пресс-служба акима Туркестанской области