Жаңалық

Жаңалық

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласының даму жоспарымен танысты. Қазіргі кезде қала 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген. Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды. Бүгінде Gate City тұрғын үй алабы жедел өркендеп келеді. Мұнда «жайлы мектеп» бой көтерді. Қалада жүйе құрайтын кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұдан бөлек, жалпы сомасы 2 трлн теңгеден асатын 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Оның ішінде, дәрі-дәрмек пен медициналық қондырғылар шығарумен айналысатын және картоп өңдейтін кәсіпорындар бар. Мемлекет басшысына Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл Алатаудағы көпфункционалды озық кешен саналады.