Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮШ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН БЕС АСЫҚ СПОРТЫНАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Қызылорда қаласында Ұлттық мектеп лигасы жарыстары аясында бес асық спорт түрінен 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық деңгейдегі тартысты дода өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыста Түркістан облысының намысын қорғаған Түлкібас ауданы білім бөлімінің А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің оқушыларынан құралған команда жоғары шеберлік танытып, жүлделі І орынды иеленді. Бұл — жас спортшыларымыздың 3 жыл қатарынан республика чемпионы атанып отырған тарихи жетістігі!
Атап айтар болсақ, чемпиондық команда қатарында Айару Жүнісқызы, Інжу Қалдыбек пен Айсезім Сағындық бар. Оқушыларды Алмас Қарабаев пен Маржан Мирхамидова дайындаған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————
ШКОЛЬНИКИ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ТРЕТИЙ ГОД ПОДРЯД СТАНОВИТСЯ ЧЕМПИОНАМИ СТРАНЫ ПО ИГРЕ «БЕС АСЫҚ»
В городе Кызылорда в рамках соревнований Национальной школьной лиги состоялся республиканский турнир по национальному виду спорта «Бес асық» среди учащихся 7–8 классов. В состязаниях, организованных Национальным научно-практическим центром физического воспитания Министерства просвещения Республики Казахстан, команда, защищавшая честь Туркестанской области, продемонстрировала высокий уровень мастерства и завоевала почетное I место. В состав команды вошли учащиеся школы-лицея информационных технологий имени А. Пушкина отдела образования Тюлькубасского района. Это историческое достижение — юные спортсмены уже третий год подряд становятся чемпионами республики.
В частности, в составе чемпионской команды выступили Айару Жунискызы, Инжу Калдыбек и Айсезим Сагындык. Подготовкой школьников занимались Алмас Карабаев и Маржан Мирхамидова.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области