Жаңалық

Жаңалық
«ҚАЗАҚ ДЕП МҰҢҒА БАТТЫМ МЕН»
Қазақ поэзиясының қайсар рухын, ұлт мұратын жырына арқау еткен көрнекті ақын Қасымхан Бегманов шығармашылығына арналған «Қазақ деп мұңға баттым мен» атты ән-жыр кешінде еліміздің белгілі қаламгерлері мен қоғам қайраткерлері арнайы қонақ болады.
Кештің құрметті қонақтары:
— көрнекті жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке ҚҰЛКЕНОВ;
— «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты Қалқаман САРИН;
— филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ;
— заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заңгер-жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Есберген АЛАУХАНОВ;
— Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы, С.Торайғыров атындағы Павлодар университетінің профессоры Серік ЕЛІКБАЙ;
— мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстар Жазушылар одағының Төрағасының кеңесшісі Әміржан ҚОСАНОВ.
Әдебиет пен өнерді қадірлейтін барша қауымды рухани кешке шақырамыз!