
Ұлттық ойындардың шымылдығы көпшіліктің қызығушылығын тудырған қыз қуу ойынымен ашылды. Сонымен қатар іс-шара барысында тоқ бәйге, тай жарыс, теңге ілу, аударыспақ, аламан бәйге, жастар көкпары, үлкен көкпар және жаппай көкпар сынды ұлттық ат спорты ойындары ұйымдастырылып, шабандоздар мен спортшылар өзара бақ сынасты.

Қазақ күресі, арқан тартыс, қошқар көтеру ойындары да өткізіліп, көпшілік назарына ұсынылды.