Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАСКЕТБОЛШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Ақмола облысы аумағындағы Щучинск қаласында өткен ХІІІ жазғы Қазақстан оқушыларының гимназиадасында Түркістан қаласының намысын қорғаған жас спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, баскетболдың 3x3 түрі бойынша U17 санатында чемпион атанса, ал шаһардың U13 құрамасы күміс медалға ие болды.
Айта кетейік, жеңімпаз және жүлдегер атанған барлық оқушылар Түркістан қаласындағы Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназиясының оқушылары. Бұл – оқушылардың табандылығы мен еңбекқорлығының, сондай-ақ ұстаздары мен жаттықтырушыларының кәсіби шеберлігінің айқын жемісі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
ТУРКЕСТАНСКИЕ БАСКЕТБОЛИСТЫ СТАЛИ ЧЕМПИОНАМИ РЕСПУБЛИКАНСКИХ СОРЕВНОВАНИЙ
На ХІІІ летней гимназии школьников Казахстана, проходившей в городе Щучинске на территории Акмолинской области, юные спортсмены, защищавшие честь города Туркестан, добились высоких результатов. В частности, они стали чемпионами в категории U17 по баскетболу 3x3, а сборная города U13 завоевала серебряную медаль.
Отметим, что все учащиеся, ставшие победителями и призерами, являются учащимися школы-гимназии №13 им. А.Науаи города Туркестан. Это результаты упорства и трудолюбия учащихся, а также профессионального мастерства их учителей и тренеров.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области