Жаңалық

Жаңалық
СОЗАҚТА «ТАЗА АУЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Созақ ауданында «Таза аула» акциясы аясында барлық елді мекенде тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Игі шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты. Жалпы 7 мыңнан астам адам мен 17 арнайы техника жұмылдырылды. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылындағы ішкі көшелерді аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, Шолаққорған-Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағына арнайы барып, отырғызылған тал көшеттерінің жай-күйін көрді. Қазіргі таңда аталған аумақта жер аумағы қоршалып, сырлау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, көшеттерді күтіп-баптау және суару шаралары да қолға алынған.
Сенбілік барысында Шолаққорған-Созақ, Шолаққорған-Шымкент және Шолаққорған-Түркістан бағыттарындағы күре жолдар мен айналма жол бойлары тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Бұдан бөлек, елді мекендерде күл-қоқыс шығару, аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, су өткелдері, көпірлер, өзен-көлдер, каналдар мен арық-атыздар тазаланып, көше бойындағы ағаштардың түптері әктелді. Нәтижесінде сенбілікте 115 тонна қоқыс шығарылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———-
В СОЗАКЕ В РАМКАХ АКЦИИ «ЧИСТЫЙ ДВОР» ПРОШЁЛ ОБЩЕРАЙОННЫЙ СУББОТНИК
В Созакском районе в рамках акции «Чистый двор» во всех населённых пунктах проводятся работы по уборке и озеленению. В благом мероприятии приняли участие сотрудники государственных учреждений и активная молодёжь. Всего было задействовано более 7 тысяч человек и 17 единиц специальной техники. Аким района Мухит Турысбеков объехал внутренние улицы села Шолаккорган и ознакомился с ходом проводимых работ. Кроме того, он посетил территорию «Зелёного пояса» в направлении Шолаккорган–Туркестан, где осмотрел состояние высаженных саженцев. В настоящее время на данной территории проводится ограждение участка и покрасочные работы. Также организованы мероприятия по уходу за саженцами и их поливу.
В ходе субботника были очищены от бытового мусора обочины магистральных и объездных дорог по направлениям Шолаккорган–Созак, Шолаккорган–Шымкент и Шолаккорган–Туркестан. Помимо этого, в населённых пунктах проводились работы по вывозу мусора и благоустройству территорий. Также были очищены водопропускные сооружения, мосты, реки и озёра, каналы и арыки, а уличные деревья побелены у основания. В результате субботника было вывезено 115 тонн мусора.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области