МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Мақтаарал ауданында биылғы көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мақта егу науқаны басталды. Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі дақыл саналатын мақтаны егу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда аудан бойынша 1 494 гектар аумаққа мақта шиті себілген. Жалпы Мақтаарал ауданында 60 мың гектардан астам егістік жер бар. Бұл алқаптар толықтай мақта егуге дайын күйге келтірілген. Ауа райының қолайлы жағдайына байланысты егу жұмыстары алдағы күндері қарқын ала түседі деп күтілуде.
Сондай-ақ, ауданда озық агротехнологияларды енгізу бағытында да нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Солардың бірі А.Қалыбеков ауылдық округінде орналасқан «Қалдан» шаруа қожалығы қолдана бастаған қос жүйек технологиясы. Шаруа қожалықтың басшысы Асылхан Қасымбеков биыл 40 гектар жерге мақтаны осы жаңа тәсілмен егіп жатыр. Бұл технология бойынша қос жүйектің арасы 6 сантиметрді, ал қатар аралығы 90 сантиметрді құрайды. Дәстүрлі әдісте бір гектарға шамамен 25 келі мақта шиті себілсе, жаңа технология арқылы бұл көрсеткіш 40 келіге дейін артқан. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл өнімділікті екі есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл әдіс су мен тыңайтқышты тиімді пайдалануға да оң әсерін тигізеді. Қожалық басшысы өзінің егістік жерінен бөлек, басқа да шаруалармен технологиясын бөлісуде.
Мақтадан бөлек, аудан диқандары басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын егуде белсенділік танытып отыр. Бүгінгі таңда 571 гектарға - қырыққабат, 640 гектарға - дәнді-бұршақты дақылдар, 610 гектарға - жүгері мен арпа, 30 гектарға маш, 95 гектарға - сүрлемдік жүгері, сондай-ақ 4 947 гектарға - бақша дақылдары егілген. Жалпы, Мақтаарал ауданында көктемгі дала жұмыстары белгіленген агротехникалық талаптарға сай жүргізіліп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға бағытталған. Жаңа технологияларды енгізу мен егіс алқаптарын әртараптандыру – ауданның аграрлық әлеуетін арттыруға және өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В МАКТААРАЛЬСКОМ РАЙОНЕ НАЧАЛАСЬ ПОСЕВНАЯ КАМПАНИЯ ХЛОПКА
В Мактааральском районе активно проводятся весенние полевые работы, началась посевная кампания хлопка. Посев хлопчатника, являющегося основной сельскохозяйственной культурой, осуществляется поэтапно. На сегодняшний день по району засеяно 1 494 гектара площадей. В целом в Мактааральском районе имеется более 60 тысяч гектаров пахотных земель. Все эти поля полностью подготовлены к посеву хлопка. В связи с благоприятными погодными условиями ожидается, что в ближайшие дни темпы посевных работ возрастут.
Вместе с тем в районе ведётся целенаправленная работа по внедрению передовых агротехнологий. Одна из них — технология двойных гряд, которую применяет крестьянское хозяйство «Калдан», расположенное в сельском округе А. Калыбекова. Руководитель хозяйства Асылхан Касымбеков в текущем году засевает 40 гектаров хлопка с использованием данного нового метода. По этой технологии расстояние между двойными грядами составляет 6 сантиметров, а междурядье — 90 сантиметров. Если при традиционном способе на один гектар высевается примерно 25 кг семян хлопка, то при новой технологии этот показатель увеличился до 40 кг. По словам специалистов, такой метод позволяет увеличить урожайность до двух раз. Кроме того, он способствует более эффективному использованию воды и удобрений. Руководитель хозяйства также делится своим опытом с другими фермерами.
Помимо хлопка, аграрии района активно занимаются посевом и других сельскохозяйственных культур. На сегодняшний день засеяно: 571 гектар капусты, 640 гектаров зернобобовых культур, 610 гектаров кукурузы и ячменя, 30 гектаров маша, 95 гектаров силосной кукурузы, а также 4 947 гектаров бахчевых культур. В целом весенние полевые работы в Мактааральском районе проводятся в соответствии с установленными агротехническими требованиями и направлены на увеличение объёма сельскохозяйственной продукции. Внедрение новых технологий и диверсификация посевных площадей способствуют повышению аграрного потенциала района и улучшению качества продукции.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области