Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАНДА САДАҚ АТУДАН ҚР КУБОГЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы О.Жарылқапов атындағы стадионда садақ атудан ересектер және жасөспірімдер арасындағы ҚР Кубогының ІІ кезеңі басталды. Ауқымды спорттық додаға еліміздің 12 өңірінен 260-қа жуық спортшы жиналып, шеберліктерін сынға салуда.
Жарысқа Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен Түркістан, Ақмола, Қарағанды, Жетісу, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының үздік спортшылары қатысып отыр. Бұл — ел көлеміндегі ең мықты садақшылардың басын қосқан маңызды бәсекелердің бірі.
Шараның салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, қала әкімінің орынбасары Мадияр Алипов және ҚР садақ ату федерациясының атқарушы директоры Еділ Темірбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, ел Кубогы төрт кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең Шымкент қаласында өтіп, үздіктер анықталған болатын. Сол жарыста Түркістан облысының спортшылары Виктория Лян мен Бунед Мирзаметов жоғары нәтиже көрсетіп, топ жарды. Енді Түркістан төріндегі додада да жергілікті мергендерге үлкен үміт артылып отыр. Жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған спортшылар ұлттық құрама сапына шақырту алып, мамыр айының басында Шанхай қаласында өтетін Әлем кубогында ел намысын қорғайды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———-
В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛ II ЭТАП КУБКА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО СТРЕЛЬБЕ ИЗ ЛУКА
На стадионе имени О. Жарылкапова в городе Туркестан начался II этап Кубка Республики Казахстан по стрельбе из лука среди взрослых и юниоров. В масштабных соревнованиях принимают участие около 260 спортсменов из 12 регионов страны, демонстрируя свое мастерство.
В турнире участвуют лучшие спортсмены из городов Астана, Алматы и Шымкент, а также из Туркестанской, Акмолинской, Карагандинской, Жетысуской, Западно-Казахстанской и Павлодарской областей. Это одно из самых значимых соревнований, объединяющее сильнейших лучников страны.
На торжественной церемонии открытия выступили руководитель управления физической культуры и спорта Туркестанской области Галымжан Худияров, заместитель акима города Мадияр Алипов и исполнительный директор Федерации стрельбы из лука РК Едил Темирбеков, пожелав участникам удачи.
Отметим, что Кубок страны состоит из четырёх этапов. Первый этап прошёл в городе Шымкент, где уже были определены лучшие спортсмены. В тех соревнованиях представители Туркестанской области Виктория Лян и Бунед Мирзаметов показали высокие результаты и заняли призовые места. Теперь большие надежды возлагаются и на местных спортсменов в Туркестане.
По итогам соревнований лучшие участники получат приглашение в национальную сборную и представят страну на Кубке мира, который пройдёт в начале мая в городе Шанхай.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области