ОТЫРАР АУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудан аумағындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысын тексеріп, жауапты тұлғалар мен мердігерлерге бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Сапар барысында алдымен «Арыс жағалауы» саябағындағы қайта жаңғырту жұмыстары қаралды. Онда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен өңірден шыққан Кеңес Одағының батырларына арналған ескерткіш жаңартылып жатыр. Аудан басшысы нысанның сапасы мен эстетикалық келбетіне ерекше назар аударуды тапсырды.
Сонымен қатар Шәуілдір мен Көкмардан ауылдарын байланыстыратын «Селкілдек көпірдегі» жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді. Қазіргі таңда көпірдің қауіпсіздігін күшейту, қалпына келтіру және абаттандыру шаралары жүргізілген. Әкім аталған нысан тұрғындар қауіпсіздігі мен аудан келбеті үшін маңызды екенін атап өтті.
Сапар аясында өңір басшысы Мыңшұқыр ауылында салынып жатқан 4 қабатты, 32 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын бақылады. Бүгінде нысанның 90 пайызға жуық жұмысы аяқталып, ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтуға бағытталған. Аудан әкімі мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі