Жаңалық

Жаңалық
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Сарыағаш ауданында зиянкестерге қарсы дәрілеу және химиялық өңдеу жұмыстары басталды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне қарасты Сарысу елді мекенінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бүгінде аудандағы 10 ауылдық округте аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу және фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу жоспарланған. Атқарылып жатқан жұмыстар шегіртке ошақтарын жедел түрде залалсыздандырып, зиянкестердің жаппай таралуына жол бермеуге бағытталған.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы жайылымдық және егістік жерлерді сақтап қалу - басты мақсаттардың бірі. Іс-шаралардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін арнайы техника мен білікті мамандар жұмылдырылған. Сондай-ақ, өңдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, олардың сапасы мен қауіпсіздігі тұрақты бақылауда болмақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
В САРЫАГАШСКОМ РАЙОНЕ ПРОВОДЯТСЯ РАБОТЫ ПРОТИВ ВРЕДИТЕЛЕЙ
В Сарыагашском районе начаты работы по лекарственной и химической обработке от вредителей. Аким района Арман Абдуллаев ознакомился с работой, проводимой в населенном пункте Сарысу Дарбазинского сельского округа. На сегодняшний день в 10 сельских округах района запланирована химическая обработка и проведение фитосанитарных мероприятий против особо опасных стад саранчи. Проводимая работа направлена на оперативное обеззараживание очагов саранчи и недопущение массового распространения вредителей.
Кроме того, сохранение пастбищных и пахотных земель на территории района - одна из главных целей. Для обеспечения эффективной реализации мероприятий задействована специальная техника и квалифицированные специалисты. Кроме того, работы по обработке будут проводиться поэтапно, а их качество и безопасность будут находиться на постоянном контроле.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области