ТҮРКІСТАНДЫҚТАР «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ
Түркістан қаласында «Қарашық» өзенінің аумағында «Мөлдір бұлақ» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Іс шара –қоршаған ортаны қорғауға, су көздерінің тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Акцияға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Нәрікбаев және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Рысбеков арнайы қатысты. Сонымен қатар, игі шараға жалпы саны 300-ге жуық адам жұмылдырылып, тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Акция аясында өзен жағалауын тазарту, тұрмыстық қалдықтарды жинау, қоқыстарды арнайы орындарға шығару және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау, аумақты ретке келтіру жұмыстары атқарылды. Сенбілікке белсенді қатысқан азаматтарға алғыс білдіріліп, арнайы сый-сыяпаттар табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі