ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БИЫЛ 500 ГЕКТАР АЛҚАПҚА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Түлкібас ауданында биыл 6 ірі шаруашылық 500 гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, «Кен Тау» ЖШС мен «Алмалы сай» АӨК әрқайсысы 50 гектардан, «Бірлік» шаруа қожалығы 125 гектарға, «Қызыл Жар» ЖШС 146 гектарға, «Елена и К» өндірістік кооперативі 42 гектарға, ал «Мақұлбек» ЖШС 115 гектар алқапқа заманауи суару жүйелерін енгізеді. Аталған шаруашылықтар су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсаған шығындарына мемлекет тарапынан қолдау ала алады. Бұл өз кезегінде агроөнеркәсіп саласында жаңа технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Өткен жылы ауданда 278 гектар егістік алқап пен жеміс бауларына су үнемдеу жүйелері енгізілген болатын. Соның нәтижесінде бұл технологияға қызығушылық танытқан шаруалардың қатары артып келеді. Қазіргі таңда аудан аумағында 3 мың гектардан астам алма бауы бар. Оның ішінде 700 гектар алқапта тамшылатып суару әдісі қолданылып, жоғары өнім көрсеткіштеріне қол жеткізілуде. Биыл бұл көрсеткіш «Кен Тау» ЖШС мен «Алмалы сай» АӨК есебінен тағы 100 гектарға ұлғаяды деп күтілуде. Жалпы су үнемдеу технологияларын енгізу - су ресурстарын тиімді пайдаланып қана қоймай, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға және өңірдің аграрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В ТЮЛЬКУБАССКОМ РАЙОНЕ В 2026 ГОДУ ВОДОСБЕРЕГАЮЩИЕ ТЕХНОЛОГИИ БУДУТ ВНЕДРЕНЫ НА ПЛОЩАДИ 500 ГЕКТАРОВ
В Тюлькубасском районе в текущем году шесть крупных сельхозформирований планируют внедрить водосберегающие технологии на общей площади 500 гектаров. В частности, ТОО «Кен Тау» и сельскохозяйственный производственный кооператив «Алмалы сай» реализуют проекты на площади по 50 гектаров каждый, крестьянское хозяйство «Бирлик» — на 125 гектарах, ТОО «Кызыл Жар» — на 146 гектарах, производственный кооператив «Елена и К» — на 42 гектарах, а ТОО «Макулбек» — на 115 гектарах.
Отмечается, что хозяйства, внедряющие водосберегающие технологии, могут рассчитывать на государственную поддержку и компенсацию части затрат. Это, в свою очередь, способствует более широкому внедрению современных технологий в агропромышленном комплексе.
В 2025 году в районе водосберегающие системы были внедрены на площади 278 гектаров пашни и садов. В результате наблюдается рост интереса со стороны сельхозтоваропроизводителей к данным технологиям.
На сегодняшний день общая площадь яблоневых садов в районе превышает 3 тысячи гектаров. Из них на 700 гектарах применяется капельное орошение, что обеспечивает высокие показатели урожайности. В 2026 году ожидается увеличение этой площади еще на 100 гектаров за счет проектов ТОО «Кен Тау» и СПК «Алмалы сай».
В целом внедрение водосберегающих технологий позволяет не только эффективно использовать водные ресурсы, но и повышать урожайность сельскохозяйственных культур, а также укреплять аграрный потенциал региона.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области