ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР
Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында Төлеби баба музейінің құрылысы жүріп жатыр. Аталған жоба өңірдегі маңызды тарихи нысандардың біріне айналмақ. Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов құрылыс алаңындағы жұмыстардың барысымен танысып, нысанның сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын бақылауға алды.
Жоспарға сәйкес, музей ғимаратының жалпы аумағы 2 200 шаршы метрді құрайды. Нысан бірнеше экспозициялық залдан тұрады. Онда Төлеби бабаның өмір жолы, ел бірлігі жолындағы еңбегі мен тарихи мұрасы кеңінен насихатталатын болады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталған. Жобаның жалпы құны 361,6 миллион теңгеден асады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жоспар бойынша музей биыл пайдалануға беріледі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі