
Биыл Түркістан облысында бірқатар кәсіпорындардың құрылысы басталады. Мақтаарал ауданындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы аумағында «КАЗ ПРО ТЕМІР» ЖШС-ның профлист, құбыр, сэндвич-панель және ЛСТК (жеңіл болат жұқа қабырғалы конструкциялар) өндіретін металл өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Құны 23 млрд теңгені құрайтын жоба толық іске қосылғанда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Компания құрылысты бастауға дайын. Сонымен қатар бұл аумақтан «Kaz Aqua Jem» ЖШС жәндіктер протеинінен аквамәдениетке арналған экструдирленген жем шығару зауытының құрылысын бастамақ. Компания АЭА қатысушысы ретінде тіркеліп, жер рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде. Жоба құны – 2,678 млрд теңге. Кәсіпорынды келесі жылы іске қосып, 45 адамды жұмыспен қамту көзделген.