Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫНЫҢ ТАҒЫ БІР КЕЗДЕСУ ӨТТІ
🔰Қазақстан U21 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Ирландия жастарын қабылдады. Кездесу өте тартысты өтті. Алайда матчтың соңғы минуттарында жіберілген жалғыз гол ойын тағдырын шешіп, есеп 0:1 болып тіркелді.
📍Ойын «Түркістан Арена» стадионында өтті. Кездесуге 6100 жанкүйер жиналып, ұлттық құрамаға үздіксіз қолдау көрсетті. Стадиондағы атмосфера жоғары деңгейде болды.
🔰Матч аяқталғаннан кейін түркістандық жастар стадионда қалып, тазалық жұмыстарына көмектесті. Бұл олардың жауапкершілігі мен мәдениетінің жоғары екенін көрсетті.
🔰Осылайша, «Түркістан Арена» стадионы Қазақстан жастарының екінші кездесуін де қабылдап, үлкен футбол матчтарын өткізуге дайын, жанкүйері белсенді қала екенін дәлелдеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі