ТҮРКІСТАНДА ТЕННИСТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ITF J30 TURKISTAN» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы Теннис орталығында 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында алғаш рет «ITF J30 Turkistan» халықаралық турнирі басталды. Дүбірлі дода 30 наурыз бен 4 сәуір аралығында өтеді. Халықаралық деңгейдегі бәсекеге Қытай, Чехия, Испания, Гонконг, Сингапур, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан елдерінен жас теннисшілер қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа жалпы саны 64 спортшы қатысуда. Турнирде теннисшілер топтық кезеңде өнер көрсетіп, үздік шыққан 8 спортшы плей-офф кезеңінде бас жүлдені сарапқа салады. Айта кетейік, бұл турнирдің нәтижелері қатысушылардың халықаралық рейтингтеріне әсер етеді. Туркістан төріндегі бұл жарыс жас спортшылар үшін тәжірибе жинап, әлемдік аренаға жол ашатын маңызды алаңға айналмақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛ МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТУРНИР ПО ТЕННИСУ "ITF J30 TURKISTAN"
В теннисном центре города Туркестан впервые стартовал международный турнир "ITF J30 Turkistan" среди спортсменов до 18 лет. Турнир проходит с 30 марта по 4 апреля. В соревнованиях международного уровня приняли участие юные теннисисты из Китая, Чехии, Испании, Гонконга, Сингапура, Узбекистана, Таджикистана, Кыргызстана и Казахстана. На торжественном открытии выступили руководитель департамента Комитета национальной безопасности по Туркестанской области Болат Калмурзаев и руководитель областного управления физической культуры и спорта Галымжан Худияров, которые пожелали участникам удачи.
Всего в соревнованиях принимают участие 64 спортсмена. В турнире теннисисты выступят на групповом этапе, а 8 лучших спортсменов поборются за главный приз в плей-офф. Отметим, что результаты этого турнира влияют на международные рейтинги участников. Это соревнование в Туркестане станет важной площадкой для юных спортсменов, которые наберут опыт и проложат путь на мировую арену.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области