Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДА АДАЛДЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫН ОРНЫҚТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Түркістан қаласында «Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дәріптеу» тақырыбында жиын өтті. Шара облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Жанәбілдің төрағалығымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы мен облыстың бас имамы Ержан Төлепов адалдық қағидаттарын қоғамда орнықтырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Рысбеков, Қазақстан халық партиясы облыстық филиалының төрайымы Зухра Қамбарова және өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің өкілі Данияр Аюпов сөз сөйлеп, жастар арасында адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеудің өзектілігін жеткізді.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері, дін қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестік мүшелері, ардагерлер және саяси партия өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды. Жиын қорытындысы бойынша айтылған пікірлер алдағы уақытта нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуге негіз болмақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
ТУРКЕСТАН: ПРОВЕДЕН КРУГЛЫЙ СТОЛ, НАПРАВЛЕННЫЙ НА УСТАНОВЛЕНИЕ ПРИНЦИПОВ ЧЕСТНОСТИ В ОБЩЕСТВЕ
В городе Туркестан прошло совещание на тему "Популяризация ценностей честности и антикоррупционного поведения". Мероприятие организовано под председательством исполняющего обязанности руководителя областного управления общественного развития Болат Жанабила. В ходе встречи руководитель областного управления по делам религий Рустем Сабыржанулы и главный имам области Ержан Тулепов отметили важность закрепления принципов честности в обществе. Кроме того, выступили председатель Туркестанского городского совета ветеранов Кыдырали Рысбеков, председатель областного филиала народной партии Казахстана Зухра Камбарова и представитель узбекского этнокультурного общественного объединения Данияр Аюпов, подчеркнув актуальность популяризации ценностей честности и справедливости среди молодежи.
Также, в круглом столе приняли участие представители государственных органов, духовенство, члены общественных организаций и этнокультурных объединений, ветераны и представители политических партий. Круглый стол прошел в формате открытого обмена мнениями, участники поделились своими предложениями и инициативами. Высказанные мнения по итогам совещания послужат основой для разработки конкретных планов мероприятий в дальнейшем.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области