САУРАН АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 4 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 5 ЖОБА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Сауран ауданында биыл жалпы құны 3,7 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Бұл туралы аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың жергілікті кәсіпкерлермен өткізген кездесуінде мәлім болды.
Атап айтқанда, «Ғажайып» ЖШС - нан өнімдерін өндіру бойынша құны 600 млн теңгелік жобаны жүзеге асырады. Сонымен қатар, ЖК «TURKENT» - ет өңдеу және жартылай дайын тағам өнімдерін шығаратын 500 млн теңгелік жобасын таныстырды. Жиһаз өндірісі бағытында да бірқатар ірі жобалар жоспарланып отыр. ЖК «Yassy» - Жүйнек ауылдық округінде құны 1,5 млрд теңге болатын өндіріс орнын іске қосуды көздейді. Ал, ЖК «Заман» - Қарашық өндірістік алаңында 600 млн теңгеге жиһаз өндірісін дамытуды жоспарлауда. Бұдан бөлек, ЖК Бекболатов - темір жабдықтарын өндіру бойынша 500 млн теңгелік жобасын ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды. Аталған келісімдер жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндіріс көлемін арттыруға және аудан экономикасының тұрақты өсіміне ықпал етеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В САУРАНСКОМ РАЙОНЕ РЕАЛИЗУЮТСЯ 5 ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ НА ОБЩУЮ СУММУ ОКОЛО 4 МЛРД ТЕНГЕ
В Сауранском районе в этом году планируется реализовать 5 инвестиционных проектов на общую сумму 3,7 млрд тенге. Об этом стало известно на встрече акима района Максата Тангатарова с местными предпринимателями.
В частности, ТОО "Ғажайып" реализует проект по производству хлебобулочных изделий на сумму 600 млн тенге. Кроме того, ИП презентовал проект "TURKENT" по переработке мяса и производства полуфабрикатов на сумму 500 млн тенге. Также планируется ряд крупных проектов по производству мебели. ИП "Yassy" предусматривает ввод в строй производственное предприятие в Жуйнекском сельском округе стоимостью 1,5 млрд тенге. ИП "Заман" планирует развивать производство мебели на производственной площадке "Карашык" на сумму 600 млн тенге. Кроме того, ИП Бекболатов представил проект по производству железного оборудования на сумму 500 млн тенге.
По итогам встречи были подписаны меморандумы, направленные на развитие взаимного сотрудничества между акиматом района и предпринимателями. Данные соглашения способствуют созданию новых рабочих мест, увеличению объемов производства и стабильному росту экономики района.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области