Жаңалық

Жаңалық
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Аудан әкімі Серік Мамытов өңірде жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Іс-сапар барысында алдымен Жетісай қаласында салынып жатқан жаңа буынды дамыту орталығына барды. Заманауи талаптарға сай бой көтеріп жатқан бұл нысан болашақта оқушылардың қосымша білім алуына, шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуына мүмкіндік беретін маңызды орталыққа айналмақ.
Бұдан кейін аудан басшысы Абай ауылдық округіне қарасты Алтын кемер елді мекенінде салынып жатқан 200 орындық мектептің құрылысымен танысты. Онда мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, қауіпсіздік талаптарын сақтау және құрылыс материалдарының сапасын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін айтты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
В ЖЕТЫСАЙСКОМ РАЙОНЕ ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ СТРОИТЕЛЬСТВО СОЦИАЛЬНЫХ ОБЪЕКТОВ
Аким района Серик Мамытов ознакомился с реализуемыми в регионе строительными работами. В ходе поездки сначала посетил строящийся Центр развития нового поколения в городе Жетысай. Этот объект, отвечающий современным требованиям, в будущем станет важным центром, позволяющим учащимся получать дополнительное образование, развивать творческие и научные способности.
Далее глава района ознакомился со строительством школы на 200 мест в населенном пункте Алтын кемер сельского округа Абай. На нем подрядчик встретился с представителями учреждения и отметил необходимость соблюдения требований безопасности и строгого контроля качества строительных материалов.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области