Жаңалық

Жаңалық
ҚАЗЫҒҰРТТА ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ АЛЫП ҚҰРТ ДАЙЫНДАЛДЫ
Қазығұрт ауданында «Наурыз – Қазығұрттан басталады» атты мерекелік шара өтті. Бұл мейрам – табиғаттың түлеп, күн мен түннің теңеліп, тіршіліктің жаңаратын кезеңі.
Қазақы дәстүрді жалғастырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Шанақ ауылындағы «Ақ әжелер» алқасы Наурыз мерекесіне ерекше тарту жасады. Олар Наурыз мейрамына орай берекенің нышаны саналатын алып құрт дайындады.
«Мақсатымыз – халқымызға «ақ мол болсын» деген ниет білдіру, ұлттық тағамның қадір-қасиетін насихаттау және жастарға өнеге көрсету. Құрттан жасалатын тағамдардың пайдасы зор. Ол адамға күш-қуат береді. Сондай-ақ, денсаулыққа пайдалы әрі қазақ дастарқанының ажырамас бөлігі»-дейді әжелер алқасы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі