
17 наурызда Түркістан қаласындағы жаңадан салынған атшабарда көкпардан әлем чемпионаты жалауын көтерді. Дүбірлі додаға әлемнің 9 елінен командалар қатысуда. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары жүлде жолында бақ сынайды.