Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
📍Түркістан облысындағы Кентау көпсалалы колледжінің студенті халықаралық байқауда жүлделі орын иеленді. Колледждің «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 2-курс студенті Рысхан Ақмарал Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен халықаралық жарыста III орын алды.
▪️Байқау «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылып, халықаралық достық кездесу аясында өтті. Оған Венгрия, Италия, Чехия, Қазақстан және Ұлыбритания елдерінің өкілдері қатысты. Жарыс барысында қатысушылар кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және дайындық деңгейін көрсетті. Рысхан Ақмарал теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, тапсырмаларды сапалы әрі уақытында орындап, сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.
▪️Айта кетейік, Ақмарал бұған дейін Түркістан облыстық чемпионатында осы құзыреттілік бойынша I орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған еді. Сонымен қатар ол – «WorldSkills Kazakhstan – 2025» республикалық чемпионатының алтын медаль иегері және «RegionSkills 2024-2025» чемпионаттарының жеңімпазы. Қазіргі уақытта студент «WorldSkills Shanghai – 2026» халықаралық чемпионатына дайындық үстінде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
-------------------------
ТУРКЕСТАН: СТУДЕНТКА КЕНТАУСКОГО КОЛЛЕДЖА СТАЛА БРОНЗОВЫМ ПРИЗЕРОМ МЕЖДУНАРОДНОГО КОНКУРСА
📍 Студентка Кентауского многопрофильного колледжа Туркестанской области заняла призовое место на международном конкурсе. Рысхан Акмарал, студентка 2-го курса по специальности «Строительство и эксплуатация зданий и сооружений», завоевала III место на международных соревнованиях, прошедших в столице Венгрии - Будапеште.
▪️ Конкурс был организован по компетенции «Малярные и декоративные работы» в рамках международной дружественной встречи. В нем приняли участие представители Венгрии, Италии, Чехии, Казахстана и Великобритании. В ходе соревнований участники демонстрировали профессиональное мастерство, творческие способности и уровень подготовки. Рысхан Акмарал успешно совместила теоретические знания с практикой, выполнив задания качественно и в срок, что обеспечило ей высокую оценку экспертов.
▪️ Отметим, Акмарал заняла I место в чемпионате Туркестанской области по этой же компетенции и получила путевку на республиканский этап. Кроме того, она является обладательницей золотой медали республиканского чемпионата «WorldSkills Kazakhstan-2025» и победителем чемпионатов «RegionSkills 2024-2025». В настоящее время студентка ведет подготовку к международному чемпионату «WorldSkills Shanghai-2026».
Пресс-служба акима Туркестанской области