Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Tараз қаласында 10–12 наурыз күндері грек-рим күресінен U23 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне еліміздің әр өңірінен келген үздік балуандар қатысып, бозкілемде тартысты белдесулер өткізді.
Аталған жарыста Түркістан облысының спортшылары да табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. 72 келі салмақ дәрежесінде белдескен Ибрахим Нұрмұхаммед қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ, дәл осы салмақта түркістандық Тұрсын Нұрдәулет финалдық белдесуде күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, түркістандық балуандар ел чемпионатында жоғары дайындықтарын дәлелдеп, өңір абыройын асқақтатты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
ТУРКЕСТАНСКИЙ БОРЕЦ СТАЛ ЧЕМПИОНОМ НА ПЕРВЕНСТВЕ СТРАНЫ
10-12 марта в городе Тараз прошел чемпионат Республики Казахстан по греко-римской борьбе в возрастной категории U23. В первенстве страны приняли участие лучшие борцы из разных регионов страны и провели схватки.
В данном соревновании успешно выступили спортсмены Туркестанской области, занявшие призовые места. В весовой категории 72 кг Ибрагим Нурмухаммед победил соперников и стал чемпионом Казахстана. Также в этом же весе туркестанец Турсын Нурдаулет завоевал серебряную медаль в финальном зачете.
Таким образом, туркестанские борцы доказали свою высокую подготовку на чемпионате страны и возвысили честь региона.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области