Жаңалық

Жаңалық
ТҮЛКІБАСТЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
Түлкібас ауданында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті. Аудан әкімінің арнайы қатысуымен өткен жиында әйелдер қауымы құрметке бөленді. Аймақ басшысы Асқар Естібаев әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, түрлі салада белсенділігімен және адал еңбегімен көзге түскен азаматшаларды облыс әкімі мен аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.
Сонымен қатар, мереке барысында 10 «Алтын алқа» және 30 «Күміс алқа» иегерлеріне медаль табысталды. Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданда 2 823 алтын құрсақты аналар бар. Осы орайда мереке аясында ауданға қарасты барлық ауылдық округтер мен кенттерде нәзік жандыларға арналған түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, сый-сияпаттар табысталуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
ТЮЛЬКУБАССКИМ МНОГОДЕТНЫМ МАТЕРЯМ ВРУЧЕНЫ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ НАГРАДЫ
В Тюлькубасском районе в честь Международного женского дня в районном Доме культуры прошло праздничное мероприятие. На совещании с участием акима района была чествована женская половина. Глава региона Аскар Естибаев поздравил женщин с праздником и наградил благодарственными письмами акима области и акима района гражданок, отличившихся активностью и добросовестным трудом в различных сферах.
Кроме того, в ходе праздника были вручены медали 10 обладателям «Алтын алқа» и 30 обладателям «Күміс алқа». Отметим, что на сегодняшний день в районе насчитывается 2 823 многодетных мам. В рамках этого праздника во всех сельских округах и поселках района проводятся различные культурные мероприятия, вручаются подарки.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области