АРЫС ҚАЛАСЫНА 30 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
Арыс қаласының негізгі капиталына өткен жылы 30,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы брифингте Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев мәлімдеді.
«2025 жылы Арыс қаласында жалпы өңірлік өнім көлемі 85,1 млрд теңгені құрады. Биыл аймақта жалпы құны 11,4 млрд теңгеге 3 ірі жоба жүзеге асады. Қазіргі таңда нысандардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл жыл соңына дейін күнбағыс, мақта және мақсарыдан май өндіретін «MEGA-AGAT Агро» ЖШС-ң зауыты іске қосылады. Жобаның жалпы құны - 7,2 млрд теңге. Зауыт ашылғаннан кейін 300 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, құны 3,5 млрд теңгені құрайтын электровоздарға қызмет көрсету орталығы жыл соңына дейін ашылатын болады. Жоба толық іске қосылғанда 50 жұмыс орны ашылады. Ал, өнеркәсіп саласында былтыр құны 2,8 млрд теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылып, 157 жұмыс орны ашылды»-деді қала басшысы
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 31,5 млрд теңгеге жеткен. Биыл «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС тамшылатып суғару жүйесі арқылы 11 мың гектар жерге мақта егеді. Жобаның құны - 13,2 млрд теңге. Жоба аясында 350-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, биыл «Түркістан Агро KZ» ЖШС-ң құны 2,1 млрд теңгелік 15 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы ашылады. Одан бөлек, аталған кәсіпорын биылдан бастап 2000 гектар алқапта жаңбырлатып суару әдісімен мал азығын дайындайды.
Арыс қаласында былтыр 4 448 шаршы метр баспана салынып, жалпы 1200 орындық 2 жаңа мектеп ашылды. Сондай-ақ, 6 745 тұрғын жұмыспен қамтылды. Арыс қаласы мен оған қарасты елді мекендер 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда Арыс қаласы 96 пайыз көгілдір отынмен қамтылған. Сонымен қатар, аймақтағы 345 шақырым жолға толықтай асфальт төселіп, қанағаттанарлық жолдардың үлесі 72 пайызды құрап отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В АРЫСЬ ПРИВЛЕЧЕНО БОЛЕЕ 30 МЛРД ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЙ
В основной капитал города Арысь в прошлом году привлечено 30,8 млрд тенге инвестиций. Об этом на брифинге сообщил аким города Арысь Кайсар Мангараев.
"В 2025 году объем валового регионального продукта в городе Арысь составил 85,1 млрд тенге. В этом году в регионе реализуются 3 крупных проекта на общую сумму 11,4 млрд тенге. В настоящее время ведутся строительные работы объектов. До конца текущего года будет запущен завод ТОО "MEGA-AGAT Агро" по производству подсолнечного, хлопкового и сафлорового масла. Общая стоимость проекта - 7,2 млрд тенге. После открытия завода 300 жителей будут обеспечены постоянной работой. Также центр обслуживания электровозов стоимостью 3,5 млрд тенге будет открыт до конца года. При полном запуске проекта будет создано 50 рабочих мест. В сфере промышленности в прошлом году реализовано 8 проектов на сумму 2,8 млрд тенге, создано 157 рабочих мест", - поделился градоначальник.
Кроме того, объем произведенной продукции в сфере сельского хозяйства достиг 31,5 млрд тенге. В этом году ТОО "Туркестанский хлопковый агропромышленный комплекс" через систему капельного орошения посеет хлопок на 11 тыс. га. Стоимость проекта - 13,2 млрд тенге. В рамках проекта будет занято около 350 человек. В этом году будет открыта откормочная площадка ТОО "Туркестан Агро KZ" на 15 тыс. голов на сумму 2,1 млрд тенге. Данное предприятие с этого года вырвщивает корм для животных методом дождевального орошения на площади 2000 гектаров.
В Арыси в прошлом году было построено 4 448 квадратных метров жилья и открыто 2 новые школы на 1200 мест. Также занято 6 745 жителей. Город Арысь и прилегающие к нему населенные пункты обеспечены 100% питьевой водой. В настоящее время город Арысь на 96% охвачен голубым топливом. Также, 345 км дорог в регионе полностью асфальтированы, доля удовлетворительных дорог составляет 72%.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области