Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ ҚЫШ ЗАУЫТТАРЫ ТӘУЛІГІНЕ 500 МЫҢ ДАНА КІРПІШ ӨНДІРЕДІ
Бүгінде Ордабасы ауданында кірпіш өндіретін 20-дан астам өндіріс орны бар. Жалпы кәсіпорындар тәулігіне 500 мың дана кірпіш өндіреді. Оның ішінде, бір күнде 100 мың кірпіш дайындап шығаратын «Bokei» зауыты, күніне 35 мың дана кірпіш өндіретін «Аламан М.К.» зауыты және 20 мың кірпіш шығаратын «Nur-Brick», «Айтжан и ТТ», «КазгранитБадам» сынды серіктестіктер бар.
Ал, бір жыл ішінде аудан бойынша 120-150 миллион данаға дейін кірпіш өндіруге мүмкіндік бар. Соңғы жылдары өңірде тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобалар қарқын алып, аудан кәсіпорындарының өніміне сұраныс артқан. Сондай-ақ, зауыттар жүздеген азаматты тұрақты жұмыспен қамтып, аудан бюджетінің кіріс бөлігін арттыруға үлес қосуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі