ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН МУРАЛ САЛЫНДЫ
Сарыағаш қаласы Әйтеке би көшесіндегі тұрғын үйдің қасбетіне Конституция тақырыбына арналған мурал салынды. Бұл бастама - елдегі жаңа конституциялық реформалардың мәні мен маңызын кеңінен насихаттауға бағытталған. Мурал мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділетті қоғам қалыптастыру және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту идеяларын айшықтайды.
Аталған жоба – елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды қолдаудың символдық көрінісі. Ол тұрғындар мен қала қонақтарының назарын Конституцияның маңыздылығына аударып, қоғамдық сананы жаңғыртуға серпін береді. Игі бастама жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға үндейді. Осындай мазмұнды жобалар алдағы уақытта да өңірде жалғасын табады деп күтілуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ТУРКЕСТАН: В САРЫАГАШЕ НАРИСОВАЛИ МУРАЛ В ПОДДЕРЖКУ КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ
На фасаде жилого дома по улице Айтеке би в городе Сарыагаш нарисован мурал, посвященный Конституции. Эта инициатива направлена на популяризацию сущности и значения новых конституционных реформ в стране. Содержание мурала отражает идеи защиты прав и свобод граждан, формирования справедливого общества и модернизации системы государственного управления.
Данный проект является символическим выражением поддержки проводимых в стране политических реформ. Он привлечет внимание жителей и гостей города к важности Конституции и придаст импульс модернизации общественного сознания. Добрая инициатива призвана воспитывать патриотизм молодежи, ответственно относиться к будущему страны. Ожидается, что подобные содержательные проекты и в дальнейшем будут продолжены в регионе.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области