Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан қаласындағы Яссы секторында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Онда Шардара, Жетісай, Мақтаарал және Сауран аудандарынан келген ауыл шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы 50 тоннаға жуық азық-түлік ұсынылды.
Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, қаймақ, жұмыртқа, көкөністер мен күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік тауарлары сатылымға шықты. Сауда сөрелеріне қойылған тауарлар тікелей өндірушілерден жеткізіліп, нарықтағы бағадан 30-50 пайызға дейін төмен бағамен сатылды.
Аталған жәрмеңке тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әлеуметтік жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, бұл шара жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік берді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛА ПРОДОВОЛЬСТВЕННАЯ ЯРМАРКА
В секторе Яссы города Туркестан прошла социально значимая продовольственная ярмарка. В нем было представлено около 50 тонн сельскохозяйственной продукции из Шардаринского, Жетысайского, Мактааральского и Сауранского районов, а также через стабилизационный фонд АО "Социально-предпринимательская корпорация "Туркестан".
На ярмарке продавались мясные и молочные продукты, сметана, яйца, овощи и другие продовольственные товары, необходимые для ежедневного потребления. Товары, размещенные на торговых полках, поставлялись напрямую от производителей и продавались по ценам на 30-50% ниже рыночных.
Данная ярмарка позволила жителям приобрести продукты питания по доступным ценам. По словам организаторов, подобные социальные ярмарки будут продолжены и в дальнейшем. Кроме того, эта мера позволила местным сельхозпроизводителям предлагать свою продукцию непосредственно потребителю.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области