ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласында КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Орта Азия және ҚР-ң волейболдан тұңғыш спорт шебері Октябрь Жарылқаповты еске алуға арналған жасөспірім қыздар арасында волейболдан республикалық турнир басталды. Жарыстың ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев, «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректор Бекежан Мырзаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Аталған турнирге Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Тараз қаласы және Жамбыл облысынан келген командалар қатысуда. Жарысқа 80-ге жуық жас спортшы қатысып, өзара бақ сынауда.
Айта кетсек, турнир бағдарламасына сәйкес, 24 ақпан күні іріктеу және алғашқы ойындар өткізілді. Ал, 25 ақпанда ширек финалдық кездесулер, 26 ақпанда жартылай финалдық ойындар өтеді. Финалдық ойындар 27 ақпан күнІ өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ВОЛЕЙБОЛУ
В Туркестане стартовал республиканский турнир по волейболу среди девочек-подростков, посвященный памяти заслуженного тренера СССР, первого мастера спорта Средней Азии и РК по волейболу Октябрь Жарылкапова. В церемонии открытия приняли участие руководитель отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта акимата города Туркестан Кадырболат Мусагалиев, и. о. председателя правления НАО «Международный университет туризма и гостеприимства» – ректор Бекежан Мырзаев и пожелали спортсменам удачи. В турнире принимают участие команды из Кызылординской области, Жанакорганского района, города Тараз и Жамбылской области. В соревнованиях приняли участие около 80 юных спортсменок.
Отметим, что согласно программе турнира, 24 февраля были проведены отборочные и первые игры. 25 февраля пройдут четвертьфинальные матчи, 26 февраля - полуфинальные. Финальные игры пройдут 27 февраля, победители и призеры будут награждены в торжественной обстановке.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области