
Ораза айында сауапты іс жасап, көпке үлгі боларлық игі бастамаларымен ерекшеленіп жүрген Мақтаарал ауданының тұрғындары тағы бір жарқын жобаны жүзеге асырды. Ауданға қарасты А.Қалыбеков ауылдық округінің құрамындағы Жамбыл елді мекенінің тұрғындары ұзындығы 2,5 шақырым аумаққа 1000 түп тұт көшетін отырғызды. Ауыл ақсақалдары бастамашы болып, жастар жағы қолдау көрсеткен бұл шара ел бірлігінің, ауызбіршіліктің айқын көрінісіне айналды.