ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІН ІСКЕ ҚОСҚАН
Ордабасы ауданы, Көлтоған елді мекенінің тұрғыны Үсен Ахметов «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 9 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, 30 соттық жерге жылыжай шаруашылығын іске қосқан. Қазіргі таңда жылыжайда түрлі көкөніс дақылдары өсірілуде. Маусымдық кезеңде 100 тоннаға дейін өнім жинау жоспарланып отыр. Бұл – жергілікті нарықты сапалы әрі экологиялық таза өніммен қамтуға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлік бастама ауылдағы әлеуметтік ахуалға да оң әсерін тигізуде. Бүгінде жылыжайда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Осылайша жоба ауыл тұрғындары үшін табыс көзіне айналып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашып отыр. Айта кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасы - ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдап, олардың әл-ауқатын арттыруға, ауыл экономикасын жандандыруға бағытталған маңызды мемлекеттік жоба.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ОРДАБАСИНСКИЙ КРЕСТЬЯНИН ЗАПУСТИЛ ТЕПЛИЧНЫЙ КОМПЛЕКС ПО ПРОЕКТУ "АУЫЛ АМАНАТЫ"
Житель населенного пункта Культоган Ордабасинского района Усен Ахметов в рамках программы "Ауыл аманаты" получил льготный кредит в размере 9 млн тенге и запустил тепличное хозяйство на 30 сотках земли. В настоящее время в теплице выращивают различные овощные культуры. В сезонный период планируется собрать до 100 тонн продукции. Это позволит обеспечить местный рынок качественной и экологически чистой продукцией.
Предпринимательская инициатива оказывает положительное влияние и на социальную ситуацию в селе. На сегодняшний день в теплице постоянно занято 5 человек. Таким образом, проект станет источником дохода для сельских жителей и создаст новые рабочие места. Стоит отметить, что программа "Ауыл аманаты" - важный государственный проект, направленный на поддержку предпринимательских инициатив сельских жителей, повышение их благосостояния, активизацию сельской экономики.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области