Жаңалық

Жаңалық
САУРАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 20 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ
Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсене қатысып, ортақ іске жұмыла атсалысты.
Сенбілік жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілді. Атап айтқанда, Шаға - Ескі Иқан бағытындағы автомобиль жолының бойы, Түркістан - Шорнақ бағытындағы автомобиль жолының бойы, сондай-ақ Шорнақ елді мекеніндегі Тастақсай өзенінің жағалауы тазартылды. Жол жиектері мен өзен маңындағы бей-берекет тасталған тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Іс-шараға жалпы саны 270 адам қатысып, 12 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 21 тонна қоқыс шығарылып, санитарлық тазалық қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 150-ге жуық ағаш әктеліп, 2 қоршау ретке келтірілді
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В САУРАНЕ В РАМКАХ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ВЫВЕЗЕНО БОЛЕЕ 20 ТОНН МУСОРА
В Сауранском районе в рамках экологической акции "Таза Қазақстан" был организован широкомасштабный субботник по охране окружающей среды, сохранению чистоты населенных пунктов и улучшению санитарного состояния. Активное участие в экологическом мероприятии приняли жители района, сотрудники учреждения и волонтеры.
Субботник проводился по нескольким направлениям. В частности, были очищены вдоль автомобильной дороги Шага-Ески Икан, вдоль автомобильной дороги Туркестан-Шорнак, а также вдоль берега реки Тастаксай в населенном пункте Шорнак. Выброшенные бытовые отходы на обочинах дорог и у реки были собраны и вывезены в специальные места. В мероприятии приняли участие 270 человек, задействовано 12 единиц техники. В результате было вывезено 21 тонна мусора, обеспечена санитарная чистота. Кроме того, побелено около 150 деревьев и приведено в порядок 2 ограждения
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области