Жаңалық

Жаңалық
САРЫАҒАШТЫҚ ҮШЕМ ТУҒАН АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Достық елді мекенінде тұратын Жаңабаевтардың шаңырағына арнайы барып, үшемдердің дүниеге келуімен құттықтады. Аудан басшысы отбасыға сый-сияпат табыстап, жаңа туған сәбилер мен жас анаға ізгі тілегін жеткізді.
– Біздің ауданда сәбилердің туылу көрсеткіші жоғарылап келеді. Міне, оған дәлел ретінде бүгінгі қуанышымыз – жас ана Феруза Абдирова және оның үшем сәбилері - Зере, Дара, Сара. Бұл зор ерлікпен пара-пар іс. Жас анаға және туылған үш қызға зор денсаулық, бақыт пен отбасы берекесін тілеймін! – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, Феруза Абдирова 3 ақпан күні үшемді дүниеге әкелген. Бұған дейін отбасы 5 баланы тәрбиелеп отырған отбасы, бүгінде 8 баланың ата-анасы атанды. Қазіргі таңда сәбилердің жағдайы бірқалыпты, жаңа туған балалармен ананың денсаулығы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
ЧЕСТВОВАНИЕ МАТЕРИ САРЫАГАШСКОЙ ТРОЙНИ
Аким Сарыагашского района Арман Абдуллаев специально посетил дом Жанабаевых, проживающих в населенном пункте Достык сельского округа Жартытобе и поздравил с рождением тройняшек. Глава района вручил подарки семье и передал наилучшие пожелания новорожденным и молодой маме.
- В нашем районе растет рождаемость детей. И вот в доказательство этому наша сегодняшняя радость - молодая мать Феруза Абдирова и ее тройняшки - Зере, Дара, Сара. Родить тройню равносильно великому подвигу. Желаю молодой маме и трем родившимся девочкам крепкого здоровья, счастья и семейного благополучия! - сказал аким района.
Отметим, что Феруза Абдирова 3 февраля родила тройню. Ранее семья воспитывала 5 детей, а сегодня стала родителями 8 детей. В настоящее время состояние малышей стабильное, здоровье мамы с новорожденными находится под постоянным наблюдением врачей.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области