Жаңалық

Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ
▪️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысында азаматтарды жеке қабылдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгін кестеге сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар тұрғын үйлердің сапасы, жол инфрақұрылымын жақсарту, заңсыз құрылыс нысандарын бұзу және тағы басқа мәселелерді көтерді.
▪️Түркістандық тұрғын қаладағы 20 этаждық тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының сапасына шағымданды. Мәселе назарға алынып, мердігер мекеме «Inter Construction» ЖШС-ға кемшіліктерді дер кезінде реттеу тапсырылды. Тұрғын үйдегі ақаулар кепілдік мерзім ішінде мердігер мекеме тарапынан жөнделеді.
▪️Отырарлық азамат Түркістан-Шәуілдір тас жолындағы Отырабад ауылынан Шәуілдір бағытына кері бұрылыс ашу туралы өтінішін жеткізді. Облыстық маңызы бар КХ-192 «Шәуілдір-Түркістан» қайта кұру жұмыс жобасы аясында елді мекен тұсынан бір жерде кері бұрылу орны қарастырылған. Алайда, екінші орыннан тағы жол ашу жұмыстары Облыстық полиция департаментінің келісімімен арнайы талаптарға сәйкес орындалатыны түсіндірілді.
▪️Тағы бір түркістандық азаматша үйінің мемлекет мұқтажы үшін бұзылуына шағымданды. Айта кетейік, Түркістан қаласы, Ж.Майкотов көшесін Тауке хан даңғылына қосу мақсатында жерге орналастыру жобасы ұсынылған. Нәтижесінде 40 нысанды мемлекет мұқтажына алу қажеттілігі анықталды. Осыған байланысты қала әкімдігі 40 нысанға қатысты Қаулы қабылдады. Алайда, жер иеленушінің құжаттары толық болмауына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Қаулы қабылданбаған. Бүгінгі таңда құжаттарды рәсімдеу барысында қызыл сызықта орналасуына байланысты бас тартылды.
▪️Зұлпыхар Жолдасов жауапты сала басшыларына тұрғындардың өтініштерін назарға алып, мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды. Орындалу барысы басшылық назарында болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
--------------------
ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ АКИМА ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЫСЛУШАЛ ОБРАЩЕНИЯ ЖИТЕЛЕЙ
В рамках реализации концепции Президента Касым-Жомарта Токаева «Слышащее государство» в Туркестанской области на регулярной основе проводятся приемы граждан. Сегодня, согласно графику, первый заместитель акима области Зулфухар Жолдасов провел личный прием жителей по курируемым направлениям. В ходе встречи граждане поднимали вопросы качества жилья, улучшения дорожной инфраструктуры, сноса незаконных построек и другие актуальные темы.
▪️ Житель Туркестана пожаловался на качество строительства 20-этажного жилого дома в городе. Вопрос был взят на контроль, подрядной организации ТОО «Inter Construction» поручено своевременно устранить выявленные недостатки. Все дефекты будут исправлены подрядчиком в рамках гарантийного срока.
▪️ Житель Отырарского района обратился с просьбой об открытии дополнительного разворота на трассе Туркестан-Шаульдер (в направлении от села Отырабад к Шаульдеру). Было разъяснено, что в рамках проекта реконструкции дороги областного значения КХ-192 «Шаульдер-Туркестан» в районе населенного пункта уже предусмотрен один разворот. Вопрос обустройства второго разворота будет рассмотрен в соответствии со специальными требованиями и при согласовании с департаментом полиции области.
▪️ Жительница Туркестана обратилась с жалобой по вопросу сноса ее дома для государственных нужд. Стоит отметить, что для соединения улицы Ж. Майкотова с проспектом Тауке хана был предложен проект землеустройства, согласно которому 40 объектов подлежат изъятию для госнужд. Акиматом города принято соответствующее постановление. Однако в отношении данного участка постановление о принудительном отчуждении не было принято из-за отсутствия полного пакета документов у владельца. На сегодняшний день в оформлении документов было отказано по причине нахождения объекта на «красной линии».
З. Жолдасов поручил руководителям ответственных управлений детально изучить обращения граждан и решить поднятые вопросы в рамках закона. Исполнение поручений будет находиться на личном контроле руководства.
Пресс-служба акима Туркестанской области