
Мәселен, жылыжайда қияр, қызанақ, салаттық жапырақ және пекин қырыққабаты егілген. Өнімдер сапалы түрде өсіріліп, жетілдіріліп, Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы және Астана қалаларына экспортталады. Қиярдың северинг түрін 0,80 га алқабында 2025 жылы 100 тонна өнім алынған, ал 2026 жылы одан да көп өнім жинап, экспортқа шығаруға жоспарланған. Қызанақтың рунед түрі 0,40 га алқабында 2025 жылы 40 тонна өнім алынған және экспортқа жөнелтілген, 2026 жылы өнім көлемін арттыру көзделуде. Жылыжайдың қалған 0,30 га бөлігінде салаттық жапырақ пен пекин қырыққабаты егілген, алдағы жылы бұл дақылдардан өткен жылдарға қарағанда мол өнім алуды жоспарлап отыр.